Сұрақ

  • Сұрақ №: 35692
    Дата: 17.09.2017 02:21:02
    Аты-жөні: Тулкибаева Жазык Исмагуловна
    Сұрақ:
    оркен шагын ауданындагы фундаменти куйылып кабыргасы каланып басталган жеримди комиссия отырысында каралып окиметке кери кайтарылсын деп шешим шыгарган.Бул жерге биз карайган каражат шыгардык.Бул занды ма,
    Жауап күні:
    10 қазан, 2017 - 18:16
    Жауап:
    Негізінен қарау үшін ҚР-ның Бас Прокурорының блогынан түскен азаматша Ж.Тулкибаеваның жер қатынастарында туындаған мәселелерді қарап беруді сұрап жазған арызы жолданады. Арызда көрсетілген уәждерді жан-жақты қарап, оның нәтижесін арыз иесіне заңда көзделген мерзім ішінде хабарлауыңыз сұралады. Екінші мекен-жайға мәлімет үшін жолданады. Жалғанды: арыз «1» бетте. Қала прокуроры әділет кеңесшісі О. Сүтбаев  .Р.Боранкулов  .32-1-90/08
  • Сұрақ №: 35420
    Дата: 31.08.2017 09:58:26
    Аты-жөні: Ақын Мұрат Ғалымұлы
    Сұрақ:
    Ассаламуалейкум. Мен Ақын Мұрат Ғалымұлы, қаламызда тест режимінде (наурыз айынан бері) жұмыс жасап келе жатырған ІКЕО(инновациялық коммуналдық есептеу орталығы)жобасының авторымын. Бұл жобаның мақсаты - коммуналдық көрсеткіштерді жинау, өңдеу, сақтау, тұтынушыларға электронды коммуналдық түбіртектерді тарату және онлайн төлем қабылдау болып табылады. "Ақпараттық Қазақстан 2020" мемлекеттік бағдарламасының "Энергия үнемдеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арналған зияткерлік жүйелер" бөлімінде "Коммуналдық төлемдерді жинаудың, өңдеу мен сақтаудың қазіргі жүйесі ашық емес, бұл өнім берушілерге деген сенімсіздікті тудырады және ең бастысы энергия және ресурс үнемдеуге ынталылық болмайды" деп атап өткендей Жаңаөзен қаламыздан бастап аталған жобаны іске қостық. Алайда, ІКЕО жүйесінің жұмысын ары қарай жүргізілуіне "ӨзенИнвест" МКК кедергі келтіруде екенін жеткізгім келеді. Себебі коммуналдық көрсеткіштерді қабылдау уақытын әр айдың 20-25 жұлдызы аралығынан 25-30-на негізсіз (су жоғалтуды азайту мақсатында дейді) ауыстырып жіберді. Бұл тұрығындарға қолайсыздық туғызуда. Электроэнергия мен жылы су көрсеткішін 20-25 аралығында, муздай судың көрсеткішін 25-30 аралығында барып тапсыруды. Бізге тұрғындар хабарласып наразылығын білдіруде. Жоғарыдағы жағдайларды мәлімдей отырып,"ӨзенИнвест" МКК басшылығынан Өз тарапыңыздан не себепті коммуналдық көрсеткіштерді қабылдау уақытын ауыстырғанын және осы ауыстырған уақыт аралығында (үш ай болды) қандай нәтижеге қол жеткізгені туралы ақпарат сұратуыңызды сұраймын. Егер де бұл әркеті негізсіз деп танысаңыз, коммуналдық көрсеткіштерді бұрынғыша, яғни 20-25 аралығына ауыстыруына ықпал етуіңізді сұраймын.
    Жауап күні:
    10 қазан, 2017 - 18:27
    Жауап:
    Негізінен қарау үшін ҚР-ның Бас Прокурорының блогынан түскен азамат М.Ақынның «ӨзенИнвест» МКК-ның жұмысына қатысты жазылған арызы жолданады. Арызда көрсетілген уәждерді жан-жақты қарап, оның нәтижесін арыз иесіне заңда көзделген мерзім ішінде хабарлауыңыз сұралады. Екінші мекен-жайға мәлімет үшін жолданады. Жалғанды: арыз «1» бетте. Қала прокуроры әділет кеңесшісі О. Сүтбаев  .Р.Боранкулов  .32-1-90/08
  • Сұрақ №: 35357
    Дата: 28.08.2017 14:42:21
    Аты-жөні: Ахмет Наурыз Конебайулы
    Сұрақ:
    Салематсыз ба Прокурор мырза!Мен Ахмет Наурыз Конебайулы сизге кояр сурагым мынадай мен жана кундизги сагат 12 лер шамасында жол колик апатына тустим.Ол жерде мен номери kz 640 HZA "волга" колигимен басты жолмен келе жатканымда,екинши дарежели жолдан биринши опел колиги шыгайын деп турды да ол шыкпай,сонын артынан капталына отип номери kz 623 AK 12 "уаз" колиги шыгып соктыгыс калдык.Ол жерде мен мулдем тежегишти басып жетиспедим.Енди Жол потрульдик полейцеи келип сызбаны сызып жатканда, мен жедел жардем шакыртып аягымды баса алмай калгандыктан жедел жардеммен калалык ауруханага бирге кеттим.Мен кетпей турып жол потрульдик полейцеи жолда тежегиштин изи жок деген.Мен кеткеннен кейин тежегиштин изин 4 метр деп карсы жолдан белгилеген.Оган кандай куш асер еткенин мен билмедим.Карсы жактын адамдары менин жоктыгымды пайдаланып тежегиш изин жаздырган.Дал осы тежегиш бастын дегенге карсымын.Бул ушин кайда шагымдана алады екенмин.Маган занды комектесуинизди отинип сураймын! Ахмет Наурыз Конебайулы
    Жауап күні:
    6 қыркүйек, 2017 - 09:46
    Жауап:
    Н.К. Ахметке Портал 115.kz Құрметті Наурыз Көнебайұлы! Қала прокуратурасымен Сіздің жол-көлік оқиғасына қатысты жазған арызыңыз қаралды. Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша Сізге қатысты қозғалған әкімшілік іс Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданғандығы анықталды. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңының 1-бабына сәйкес сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды. Жоғарыда аталғандардың негізінде, сот мәжілісінде әкімшілік іс бойынша түсiнiктемелер беруге, хаттаманың мазмұны мен рәсiмделуi жөнiнде ескертулер жасауға құқылы екендігіңізді түсіндірмемін. Жаңаөзен қаласының прокуроры әділет кеңесшісі О.Сүтбаев Орынд.: Н.Аманиязов Тел.: 32-1-90
  • Сұрақ №: 25468
    Дата: 12.08.2016 21:52:06
    Аты-жөні: Мақсат Айжан Мақсатқызы
    Сұрақ:
    Сәлематсызба?!МЕНІҢ СҰРАҒЫМ БАР ЕДІ!ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕ МЕНІ БІР ЖАС ЖІГІТ БАЛАҒАТТАҒАН 1АПТА БҰРЫН,ЕНДІ СОНЫҢ ҮСТІНЕН АРЫЗ ЖАЗСАМ БОЛАМА?!АРЫЗЫМ ҚАРАЛАМА?!ЖӘНЕ ДЕ ЕКІНШІ СҰРАҒЫМ МЕНІҢ ЖЕКЕ БАСЫМА ҚАТЫСТЫ МӘЛІММЕТТЕР МЕН ФОТОЛАРЫМ БАСҚА АККАУНТПЕН ТАРАТЫП ЖҮРСЕ ОҒАН КАНДАЙ ЖАЗА КОЛДАНЫЛАДЫ?! Отправлено с iPhone
    Жауап күні:
    17 тамыз, 2016 - 18:56
    Жауап:
    Мақсат Айжан Мақсатқызына 15.08.2016 жылы №56417 блогтан түскен Жаңаөзен қалалық прокуратурасы Сіздің интернет желісі арқылы намысыңызға тиетін сөздерді жазған белгісіз тұлғаның іс-әрекетінің жауапкершілігі жөнінде жазған арызыңыз бойынша төмендегіні түсіндіреді. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 19.09.2014 жылғы №89 санды бұйрығының «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сонымен қатар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары» туралы Нұсқаулығының 6 бөлігінде, Қылмыстық қудалау органына қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызбен, хабарламамен тікелей жүгінген арызданушыға уәкілетті адам осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысанда бірегей нөмірден тұратын талон-хабарландыру беріледі. Сонымен бірге, аталған заңнаманың 2-ші бөлігінің 2-тармағына сай, көрсетілген арыздар мен хабарларды қоса алғандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау мүмкіндігі туралы шешімді қабылдау қажеттілігі бар деп көзделген. Сол себепті, белгісіз тұлғаның іс әрекетінде анықталған қылмыстық құқық бұзушылық дерегі бойынша қылмыстық қудалау органына арыздануға құқылы екендігіңізді түсіндіремін. Қала прокуроры Е. Кизимбаев С.Кеңесов., 32190/13
  • Сұрақ №: 25202
    Дата: 29.07.2016 03:56:20
    Аты-жөні: Далабаева Айжан Мақсатқызы
    Сұрақ:
    Сәлеметсіз бе?!Мені INSTAGRAM әлеуметтік желісінде басқа қаланың (қай қала екенін білмедім) тұрғыны.үйленген жігіт маған боқтап,намысыма тиетін сөздер жазған болатын!Менде дәлел ретінде түсіріліп алынған (скриншот) Жәнеде сол кісінің суреті бар!Сұрайын дегенім сол кісінің үстінен арыз жазсам,жазасы қалай болады?!Басқа қаланың тұрғынын таба аласызба?!
    Жауап күні:
    12 тамыз, 2016 - 10:51
    Жауап:
    Жаңаөзен қалалық прокуратурасы Сіздің «Инстаграм» әлеуметтік желі арқылы намысыңызға тиетін сөздерді жазған белгісіз тұлғаның іс әрекетінің жауапкершілігі жөнінде жазған арызыңыз бойынша төмендегіні түсіндіреді. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 19.09.2014 жылғы №89 санды бұйрығының «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сонымен қатар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары» туралы Нұсқаулығының 6 бөлігінде, Қылмыстық қудалау органына қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызбен, хабарламамен тікелей жүгінген арызданушыға уәкілетті адам осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысанда бірегей нөмірден тұратын талон-хабарландыру беріледі. Сонымен бірге, аталған заңнаманың 2-ші бөлігінің 2-тармағына сай, көрсетілген арыздар мен хабарларды қоса алғандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау мүмкіндігі туралы шешімді қабылдау қажеттілігі бар деп көзделген. Сол себепті, белгісіз тұлғаның іс әрекетінде анықталған қылмыстық құқық бұзушылық дерегі бойынша қылмыстық қудалау органына арыздануға құқылы екендігіңізді түсіндіремін. Қала прокуроры Е. Кизимбаев
  • Сұрақ №: 21004
    Дата: 16.01.2016 01:15:49
    Аты-жөні: Нуров Арман
    Сұрақ:
    Саламатсызба! Сұрағым белгісіз жағдайда түнгі және демалыс күндері кекзекші прокурорға қандай телефон нөміріне хабарласуға болады?
    Жауап күні:
    2016-01-18
    Жауап:
    Сіздің арызыңыз бойынша демалыс күндері және түнгі мезгілде кезекші прокурорға төмендегі номерлерге хабарласуға болатындығын хабарлаймыз. Ұ/т.: 8 702 116 62 43 8 705 306 14 64 Жұмыс тел.: 32-1-90
  • Сұрақ №: 20721
    Дата: 27.12.2015 20:16:15
    Аты-жөні: Әйел Баян Асқанбай
    Сұрақ:
    Саламатсызба ! Сотталмаған туралы анықтамадағы мәліметтер неше жылдан кеин жойылады? Немесе ол омир бойы тұрады ма? Анықтамадан мәліметтерді алынып тастау ушін қандай жолдары бар ? Қайда хабарласуға болады ?
    Жауап күні:
    18 ақпан, 2016 - 10:41
    Жауап:
    Ә.Б.Асқанбайға Жаңаөзен қаласы Маңғыстау облысының прокуратурасы Сіздің Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының блогына жазған арызыңызға төмендегідей түсінік береді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 79-бабының 3-бөлігіне сай, сотталғандық: 1) шартты түрде сотталған адамдарға қатысты – пробациялық бақылау мерзiмi өткен соң; 2) бас бостандығынан айыруға қарағанда жазаның неғұрлым жеңiл түрлерiне сотталған адамдарға қатысты – жазаны іс жүзінде өтеген соң; 3) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты – жазаны өтегеннен кейiн үш жыл өткен соң; 4) ауыр қылмыстар үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты – жазаны өтегеннен кейiн алты жыл өткен соң; 5) аса ауыр қылмыстар үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты жазаны өтегеннен кейiн сегiз жыл өткен соң жойылады. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 10.07.2014 жылғы №71 бұйрығымен бекітілген «Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдалану туралы» Қағидасының 98-тармағына сәйкес, анықтамада сұрау салған тұлғамен жасалған қылмыс туралы мәліметтер, олардың есептен алынғанына, соттылықтың жойылғанына қарамастан, төмендегі ақпараттармен қоса беріледі: - айыпталушы ретінде тұлғаның жауапкершілікке тартылуы, сотталуы, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерде; - қылмыстық жауапкершіліктен және ақталмайтын негізде жазадан босатылуы туралы; - қозғалған қылмыстық істер туралы, ақталмайтын негізде қысқартылған; - ақталмайтын негізде қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы. Яғни, сотталған адамның соттылығы жойылғанына қарамастан анықтамада оған қатысты мәліметтер толығымен көрсетіліп беріледі.
  • Сұрақ №: 5555
    Дата: 19.12.2013 22:20:19
    Аты-жөні: бейсенов ермек ерикжанович
    Сұрақ:
    2009 желтоксан айнда озенмунайгаз жумыска алу барасында тест жасады.сол тестен сүрінбей оттім.сол бойдан маган орын жок бир ай шамасында хабар болады деді.содан бери бир хат келген жок,озим барсам киргизбейді,кирсем орын жок дейді,тестен отпегендер жумыска кирип кеткен,соган тусинбедим,озим уиленген жигитпин бала шагам бар жасым 25те,екі дипломым бар геолог мамандыгым,озенмунайгазга кайта кайта бардым төрт жыл бойы ешкандай шешім шыкпады,осы өтінішімді карап бере аласызба,рахмет.
    Жауап күні:
    26 мамыр, 2014 - 12:25
    Жауап:
    Жаңаөзен қалалық прокуратурасымен Сіздің, 2009 жылы жұмысқа қабылдау үшін «Өзенмұнайгаз» АҚ-да жүргізілген тестілеуден өтіп, алайда ол жөнінде осы күнге дейін мекеме тарапынан ешқандай шешім шықпағандығы жөніндегі Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының блогына жазылған өтінішіңіз қаралды. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 23 бабына сәйкес, жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттеріне қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне ие болады, сондай-ақ, азаматтарды жұмысқа қабылдау туралы шешім шығару жұмыс берушінің еркінде. Сол себепті, Сіздің өтінішіңіз қарау үшін «Өзенмұнайгаз» АҚ-на жолданғанын қаперіңізге беремін. Жаңаөзен қаласының прокуроры әділет кеңесшісі Е. Қызамбаев
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.