You are here

«Терроризм мен экстремизмге қатысты заң бұзушылықтар қатаң жазаланады»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында басым міндеттердің ішінде радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен көріністеріне қарсы іс-қимыл айқындалған.

Бұл ретте қоғамда, ең алдымен, жастар ортасында діни экстремизмнің алдын алуды күшейту қажеттілігіне, сондай-ақ конфессияаралық бейбітшілік пен келісім орнаған, діншілдер мен атеистік көзқарасты ұстанған азаматтардың да құқықтары сақталатын және құрметтелетін зайырлы мемлекет - Қазақстан Республикасының дәстүрлері мен мәдени құндылықтарына сәйкес тұрғындарда діни сананың қалыптасуына ерекше назар аударылады.

Сонымен қатар, қазіргі кезеңде әлемдегі жаһандану процесі мен шиеленісу әлеуетінің өсуі халықаралық және ұлттық қауіпсіздік ахуалына елеулі әсерін тигізіп отыр.

Діни экстремизм мен терроризм қатері әр мемлекеттің ұлттық мүддесі қорғалу деңгейінің халықаралық қауіпсіздік ахуалына тәуелділігін жоғарылатып, жаһандық сипатқа ие болды.

Осындай жағдайларда радикалдық діни идеологияның таралуына мүмкіндік беретін жағдайларды (факторларды) тиімді жою үшін, сондай-ақ экстремистік және террористік көріністердің жолын кесу үшін «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» жасақталған. Аталған бағдарламаның мақсаты діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризм қатерлеріне жол бермеу арқылы адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Терроризм – латын тілінен terror (террор) Қорқыту, өлім жазасына берумен үркіту, өлтіру және барлық сұмдық қаталдықтар (Даль сөздігі)

Сонымен қатар, Терроризм – жарылыс істеу, өртеу не басқа әрекеттер, адамдардың апатына қауіп-қатер жасайтын, мүлікке зиян келтіру жасау немесе басқа қоғамдық қатерлердің болу ақыры, егер бұл әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға мақсатталған болса, халықты қорқыту не басқарушы органдар шешіміне әсері, және де нұсқалған әрекеттерді сол мақсаттарда қауіп-қатер істеу деген ұғымды білдіреді.

Ал, Экстремизм дегеніміз: Француз тілінде - extremisme, латын тілінде – extremus «шеттеу» яғни орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету деген мағына береді — жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы дегенді білдіреді. Экстремизмнің пайда болу себебі, адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа бейімделген көзқарасынан пайда болады. Яғни, тек менің ғана пікірім болуы керек деген сияқты. Бұл ең алғашқы этаптары болып саналады. Экстремизмнің тағы бір көрінісі басқа біреуді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмейтін адамдардан шығады. Лаңкесшілер дұрыс бағытқа жол көрсететін адамдардың кеңесіне мүлдем құлақ аспайды. Олар өздерін ең таза кіршіксіз деп санап, басқаның барлығын адасушыларға жатқызып, жөн білетін адамдарды мойындамайды. Міне, осының салдарынан әлемде түрлі төңкерістер мен қантөгістер орын алуда

2005 жылы 18 ақпанда «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» және 1999 жылы 13 шілдеде «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары қабылданды, онда экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен оған қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері белгіленген, негізгі ұғымдық анықтамалар мен осы бағыттағы мемлекеттік органдардың құзыреті, сондай-ақ осы саладағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары айқындалған.

Жоғарыда аталған заңдардың талаптарына сәйкес, экстремистік топ құру, сол сияқты оған басшылық ету – мүлкi тәркiленiп, он жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сол сияқты экстремистік топтың әрекетіне немесе оның жасайтын қылмыстарына қатысу – мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады;

Дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау –
алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Терроризм актісін жасаған үшін - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады;

Қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiмдер қабылдауына ықпал ету, соғысқа арандату не халықаралық қарым-қатынастарды шиеленiстiру мақсатында жасалған, адам өмiрiне қол сұғу, сол сияқты дәл сол мақсаттарда, сондай-ақ мемлекет немесе қоғам қайраткерiнiң мемлекеттiк немесе өзге де саяси қызметiн тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында жасалған оның өмiрiне қол сұғу не халықаралық қорғауды пайдалантын адамдарға немесе ұйымдарға, ғимараттарға, құрылыстарға шабуыл жасаумен, адамды кепiлге алумен, ғимараттарды, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алумен, әуе немесе су кемесін, жылжымалы темiржол составын не өзге де қоғамдық көлiктi айдап әкетумен, сол сияқты басып алумен ұштасқан адам өмiрiне қол сұғу – мүлкі тәркіленіп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.

Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақырып, сол сияқты көрсетілген мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында дайындап, сақтап немесе таратқаны үшін – мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 9 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Террористiк топ құрып, сол сияқты оған басшылық етсе – мүлкi тәркiленiп, 8 жылдан 15 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Террористiк топтың әрекетіне немесе ол жасап жатқан терроризм актiлерiне қатысқан адамның – мүлкi тәркiленiп, 8 жылдан 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру – мүлкi тәркiленiп, 8 жылдан 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Аталған заңдардың талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында мақсаттары немесе әрекеттерi экстремизмдi жүзеге асыруға бағытталған ұйымдарды (филиалдар мен өкілдiктерді) құруға және олардың іс-әрекетіне тыйым салынады.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен экстремистiк деп танылған ұйымдардың атауларын құрылатын ұйымдардың атауларында пайдалануға жол берілмейдi.

Қазақстан Республикасы егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүріп келе жатқанына жиырма жылдан асты. Осы жылдар аралығында қоғамда барлық салаларында терең, әрі түбегейлі өзгерістер орын алды. Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болып еңсесін көтерді. Халықаралық деңгейде бәсекелес болуға қабілеттілігін көрсетіп келеді. Тарихтың тереңіне кеткен рухани мұра туындылары қайта жаңғырып, өзінің лайықты мұрагерлерін тапты. Алайда, қоғамда белең алып жатқан келеңсіз мәселелер де жоқ емес. Әлемде қазіргі діни ахуалдың ушығып күрделі әрі сан саналы екендігі бәрімізге мәлім.

Қазақстан Республикасының 23.07.1999 жылғы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» № 451 Заңының 2 бабының талаптарына сәйкес, Мемлекеттiк құпияны немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария eтуге, экстремизм немесе терроризмдi насихаттауға және ақтауға, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңінде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты таратуға, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды, сондай-ақ қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға жол берiлмейдi.

Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты насихаттау және үгіттеу, экстремизмді немесе терроризмді насихаттау, ұлтаралық және конфессияаралық өшпенділікті өршітуге бағытталған материалдарды жариялау және ақпаратты тарату, сондай-ақ белгіленген мерзімде бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұру себептерін жоймау бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын не бұқаралық ақпарат құралы өнімінің таратылуын тоқтатуға негіз болып табылады.

Сөзімді қорыта келе, Қазақстан Республикасында экстремизмді немесе терроризмді насихаттау, оны қаржылай қолдау, қақтығыстарға қатысу, адамдарды үгіттеу, ұлтаралық және діни аразылықтарды тұтандырған тұлғаларға қатысты қатаң қылмыстық жауапкершілік көзделгенін сезініп, оған аса жауапкершілікпен қарап, экстремизм мен терроризмнің алдын кесіп, қоғамның еліміздің болашағын Қазақстан Республикасының әр бір азаматы  қорғауға тиіс.

«Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы: діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады»  Н.Ә.Назарбаев

 

Жаңаөзен қалалық прокуратурасының

прокуроры

М.А. Шамуратов

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.