You are here

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы және жетістіктерді жоққа шығарып, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

         Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – құқық қорғау органдары қызметінің басым бағыттарының бірі ғана емес, бұл қоғамның үні, заңсыз әрекетке деген бұқараның жауабы. Сондықтан құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлықты әшкерелеу жұмысында ел азаматтарының көмегі айрықша. Бұл істе бірлесе әрекет етудің маңызы зор.

         Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға ширек ғасырға жуық уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол - Президентіміздің бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

         Қылмыстық әрекетке заң төреші болады. Заңның үстемдігі – елдің даму деңгейін, өркениет көшіндегі рөлін айқындайтын факторлардың бірегейі. Сондықтан қызметте ғана емес, өмір тұрмысында да заң шеңберінде әрекет ету, орын алған заңсыз әрекетке немқұрайлы қарамау – ел азаматтары үшін ортақ міндет деп білеміз.

         Құқық қорғау органдары, оның ішінде прокуратура органдары да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекет басшысының тапсырмасын мүлтіксіз орындауға күш салып келеді. Бұл бағыттағы іс-шаралар кешенді түрде жалғасуда.

         Осы ретте біз азаматтардың сыбайлас жемқорлық әрекеттерін байқаған жағдайда жедел түрде тиісті органдарға жедел хабарлауын сұраймыз. Бұл да болса, Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде одан әрі дами түсуіне ықпал ететін фактор екенін ескерген жөн.

 

Жаңаөзен қаласы прокуратурасының прокуроры

Кеңесов Сарсенбай Жалғасұлы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.