You are here

«Нашақорлық - ғасырымыздың дерті»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жаһанды жайлаған есірткі дерті халқымыздың соры болып тұр. Есірткі біздің заманымызға дейін 2700 жылдары басталған. Алғашқыда анашаны Египетте ем үшін пайдаланғаны туралы Геродоттың еңбегінде жазылған. 20 ғасырдың ортасында дамыған батыс елдерінде нашақорлықпен есірткі айналымы кең орын алып, қауіпті жағдайға жетіп, АҚШ бірінші орнында болған. Емдік тұрғыда қолданылған есірткі адамның ақыл-санасын улағандықтан, онымен күресу басталып, мемлекеттермен арнайы құжаттар бекітілді.

Бүгінде жер бетінде жыл сайын миллиондаған адам есірткінің құрбанына айналып, өмірімен қош айтысып жатыр. Нашақор өзі ғана емес, оның отбасы да, болашағынан үміт күттірер жастарынан айырылған қоғам да есірткінің лаңынан жапа шегуде.

Қазіргі уақытта қала прокуратурасының бастауымен барлық мектептерде Жаңаөзен ҚІІБ-ы есірткі бизнесіне қарсы күрес тобы мен кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесе отырып лекциялар, оның ішінде, кәмелетке толмағандарды салауатты өмір салтына баулу мақсатында мектеп арасында, «Жасөспірім саулығын бірлесе отырып сақтайық», «Жасөспірім шақтағы салауаттылық», «Нашақорлық пен есірткіге қарсы күрес», «Есірткінің зияны» тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізілуде.

Жас ұрпаққа адам денсаулығының бағалы байлық екендігін түсіндіру мақсатында оқушылар арасында «Кеселдің жолын кескен жөн», «Жаза басқан – жазалы», «Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ» және «Нашақорлықсыз өмір» тақырыптарында пікірталастар өткізілді.

Жалпы айта кететін жағдай нашақорлардың осы жолға түсіп, тығырыққа тірелуінің себебі неде? Қатыгез әлемде пана іздеген жасөспірімдерді ақша табу мақсатында есірткі сатып күнелткендердің құрығына оп - оңай - ақ түседі. Бала іші - бауырына еніп, жылы сөйлейтін жылпостарға бауыр басып, дегеніне көне береді. Жеткіншектер үнемі әр нәрсеге, әркімге еліктегіш болып келеді.

Десекте, еліктеудің де жөні бар, қазақ «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп бекер айтпаған. Адамның тек ғана жақсы жағын үйренген жөн, жаман жағынан жиренген абзал. Нашақорлық өмірдегі қиындыққа шыдамаған, сәтсіздікке төзе алмаған адамнан шығады. Нашақорлар бір мезеттік рахат үшін бүкіл өмірін сарп етуге дайын. Бір рет шегіп немесе иіскеп көрген адамның нашаны өз еркімен тастап кетуі мұң.

Сондықтан осы бастан есірткіден бойымызды аулақ ұстайық!

 

Жаңаөзен қаласы прокуратурасының

аға прокуроры                                                                                                      

М.С.Адаев

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.