You are here

«Конституция – тәуелсіздіктің тірегі»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Тұлғаның жеке мүмкіндіктерін дамыту-мемлекеттің маңызды мақсаты. Сондықтан еліміздің Ата Заңы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын «ең қымбат қазына» екенін мойындайды. Осылайша Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Елге тірек, азаматтарға қолдау болатын маңызды құжат арқылы біз өз бостандықтарымызды пайдалана отырып, қоғам өмірінде игілікке негізделген көкейдегі ойларымызды еркін жүзеге асыра аламыз.

         Конституцияны сыйлау, салықты төлеу және қажетті жағдайда Отанды қорғау, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасау, табиғат байлықтарына ұқыпты қарау – мұның барлығы әрбір азаматтың конституциялық міндеттері. Кез-келген азаматтың сенімі, еркін көзқарасы, таңдау жасау мүмкіндіктері мен лайықты өмір сүруі Ата Заңда жан-жақты көрініс тапқан. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің алтын діңгегі – Ата Заң туралы айтқан сөзінде: «Егемен еліміздің мемлекеттілігін, тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын бірден-бір құжат – бұл Конституция. Ата Заңның алдында бәріміз де бірдей жауапты, бәріміз де бірдей міндеттіміз» деген еді. Шынында да, бүгінде еліміздің көш бастаған басқа мемлекеттермен қатар иық теңестіріп, маңызды мәселелерді талқылауға келгенде өзіндік ұстанымын паш етуіне Ата Заңымыз зор мүмкіндік беріп отыр. Демек, тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата Заң – мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси – экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына жасалған алғашқы қадам десек артық айтпаймыз. Қазақстанның Ата Заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады. Конституцияда мемлекеттің бастауы – адамға, елдің байлығына, республиканың басты құндылықтарына қатысты мәселе әрқашан алдыңғы орында қала бермек. Осы тұрғыда Елбасының тағы да: «Біздің ендігі міндет – Конституцияға ас ұқыптылықпен қарау. Өзіміздің елімізді, өзіміздің тарихымызды, жетістіктерімізді қалай құрметтесек, оны да солай аялауымыз керек. Конституцияны сыйлай білмесе, оның талаптарын мүлтіксіз орындай алмасақ, онда қоғамдық келісімге, тәртіпке, бейбітшілікке және тыныштыққа жету мүмкін болмайды, яғни мұндай жағдайда Отанның ырыс-берекелі болашағы туралы айтудың да қажеті жоқ» деген пікірі әрбір азаматтың жүрек түкпірінде маздап жатса, бұл біздің осы үдеден шыққанымыздың белгісі болмақ. Мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін талқылау және шешу кезінде құқықтық санасы жоғары әрбір азамат Конституцияда көрсетілген жауапкершілікті жан-жақты сезінуі қажет. Қоғамның бүгіні мен болашағы үшін, жалпы алғанда, өз Ата Заңымызды құрметтеп, қорғап және маңыздылығын жоғалтпай сақтауымыз-біздің барлығымыздың, яғни Қазақстан Республикасының әрбір азаматының міндеті мен парызы.

 

Маңғыстау аудандық прокуратурасының

прокуроры

1-сыныпты заңгер

Агыбаева Назира Мейрамқызы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.