You are here

«Конституция-ел тәуелсіздігінің кепілі»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Еліміздің ата Заңын басшылыққа ала отырып, адам және адамның өмірі, құқықары мен бостандықтары ең қымбат қазынасы болып саналған зайырлы, құқықтық және әлеуметтік дамудың нышандары толық қамтылған қуатты, дербес мемлекет ретінде, ерекше кезеңдерді бастан өткере отырып, өркениеттілік ізімен құқықтық реформаларды жүзеге асыру үстіндеміз.

         Конституция қабылдау және оны қолданысқа енгізу кез келген ел үшін барлық уақытта ерекше оқиға болып есептеледі. Ол арқылы қоғамдық құрылыс жаңарып, әр мемлекет өзінің ұлтық ұстанымдарын жүзеге асырып отырады. Бұл тұрғыда негізгі заң азаматтардың құқығын және қарым-қатынысын реттейтін, мемлекеттің өміріне тәртіп пен ұйымдастырушылықты енгізетін заңнаманың тұғырнамасы болып табылады. Онда саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйенің алғы шарттары, азаматтардың бас бостандығы мен міндеттері, қоғамдық дамудың бағыт бағдарының құқықтылығы белгіленіп, бекітіледі.

         1995 жылдың 30 тамызында мемлекетіміздің экономикалық және әлеуметтік жаңаруларының қозғаушы күші болған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. 1995 жылы екі палатадан тұратын парламентті құру, саяси партиялар, парламент, бұқаралық ақпарат құралдары, сот жүйесі мен прокурорлық қадағалау дәрежесінің жоғарлауы демократиялық басталардың белең алған кезеңдерінің бастамасы болды.

         Бүгінгі таңда Қазақстанның Конституциясы азаматтың өмірі мен бостандықтарын ең қымбат қазына деп танып, барлық азаматтарға тең қызмет ететін мемлекеттің құқықтық жүйесінің негізі болып қаланды. Республикамыздың әрбір азаматы өздерінің бас бостандығының Конституциямен қамтамасыз етілетін және қорғалатынын біледі, сондықтан олар болашаққа үлкен сеніммен қарап өмір сүреді.

         Бұл бағытта аудан прокуратурасының алға қойған мақсаты - адам мен азаматтың конституциялық құқықтарын қорғау, Констиуцияда белгіленген кепілдіктердің орындалуын қамтамасыз ету болып саналады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабының 1-тармағына сай, прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесiн бiлдiредi және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

         Жалпы прокуратура органдарының мақсаты қоғамның құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін арттыру, барлық салада заңның үстемдігіне қол жеткізу болғандықтан, Ата Заңымыздың абыройының арта беруі, әр адамның заңдылық пен әділеттілікке ұмтылуына апаратын тура жол деп білеміз.

Егеменді еліміздің прокуратура қызметкерлері өзінің сан-саналы қызметінде заңдылықты сақтаудағы жауапкершілік жүгін сезіне түсуде. Мемлекеттің басқа органдар арасынан өзіне лайықты орнын алып, Конституция мен заң үстемдік ететін  құқықтық мемлекет қалыптастыру үрдісіне өзінің мол үлесін қоса бермек.

Ұлттық мерекемізбен құттықтай отырып, баршаңызға амандық, мол бақыт, баянды да ұзақ ғұмыр тілеймін. Егеменді еліміздің көкбайрағы мәңгілік биікте самғап, тәуелсіз мемлекетіміздің абыройы атақ-даңқы өрлей берсін.

 

Түпқараған ауданы

прокурорының орынбасары

кіші әділет кеңесшісі                                                   

Нұркен ҚАРЫМСАҚ

 

        

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.