You are here

«Конституция – ата заңымыз»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Тәуелсіздік алғаннан бері өзіндік саясатын ұстанған Қазақстан өз елтаңбасын, туын, әнұранын, мемлекетіміздің ұлттық валютасы теңгені жарықтандырды, сонымен қатар, «байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып», 1995 жылы 30 тамызда Республикалық референдумда мемлекетіміздің Ата – Заңы ел Конституциясын қабылдадық. Бұл қанатты сөз Конституциямыздың алғашқы бетінен орын алған еді.

           Қазақстан Республикасындағы заңдылықтың кепілі – Конститиуция екені белгілі. Себебі, Конституцияда қолданыстағы заңнаманың басым бағыттары көрсетіліп, ел өмірінің барлық салалары бойынша маңызды қағидалар белгіленген.

           Тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі болып табылатын ел Конституциясының қабылданғанына тарих өлшемімен алғанда қас қағым сәт болғанымен, биыл 22 жыл толып отыр.

         Конституциямыздың жалпы ережелер атты бөлімінде Қазақстан Республикасының өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екендігі көрсетілген.

         Сондықтан, Конституцияның басым бөлігі адам мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттеріне арналған.

           Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбас қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары танылған.

           Конституцияның 12, 13, 14 баптарында әркімнің құқық субъектісі ретінде танылу құқығының барлығы, өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғау құқығы, өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғау құқығы, білікті заң көмегін алу, заң мен сот алдында жұрттың барлығының теңдігі белгіленген негізгі қағидалар көрсетілген.

           Прокуратура органдары Конституция, заң нормаларының сақталуына прокурорлық қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

           Атап айтсақ, әркімнің Республикамыздың Конституциясын және заңдарын сақтау, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын абыройы мен қадір – қасиетін, заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу, Қазақстан Республикасын қорғау, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау, табиғатты сақтау, оның байлықтарына ұқыпты қарау, Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеу міндеттері көрсетілген.

         Адам бар қоғамда заңдылықтың болатыны рас, сол Заңдардың дәлме-дәл және біркелкі қолданылуына, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын ол – Прокуратура органы.

         Адамның өмір сүру ортасы күрделі де ауқымды құрылым болғандықтан, нормативтік-құқықтық заңдылықтардың орындалу барысын бұлжытпай бақылап отыру оңай шаруа емес. Іздестіру, анықтау мен тергеу, әкімшілік, азаматтық және атқару істерін қадағалау, жүзеге асыру адам мен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін, мемлекеттің мүддесін қорғау – прокуратураның басты міндеті болып табылады.

         Адам құқығы дегенде тілімізге өмір сүру құқығы, жеке басының бостандығы, ар – ождан бостандығы, намысын қорлауға тыйым салу болады.

         Өмір сүруіміздің әр күні мен түні қалыптасқан заңдылықтардан тұрады. Өмірлік тәжірибеде не болса соны сылтауратып, өз мүдделері үшін заңды бұзуға бейімдік танытатын жағдайларға кездесіп жатамыз. Сол кезде заң білімі бар судьяға, прокурорға, тергеушіге, т.б. мемлекеттік органдарға жүгінеміз. Ақ пен қараны анықтап, әділ шешімін беруді тілейміз.

         Бұрын темір торы мен заңы жоқ заманда ата – бабаларымыз дау – дамай, талас – тартыста суырылып шығып, көшелі сөз айтып, ердің құнын екі ауыз сөзбен бітірген. Жауласқан елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жұбата білген. Бүгінде алғыр – тапқырлығымен, әділдігімен шындықты танытатын, заң бұзушылықтар мен қылмыстың тамырына балта шабатын, сотта әділ шешім қабылдануына ықпал жасайтын, заң талаптарының дәл әрі бірыңғай орындалуына қадағалау жасайтын – прокурор.          

         Адам бар қоғамда заңдылықтың болатыны рас, сол Заңдардың дәлме – дәл әрі біркелкі қолданылуына, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, әділдігімен шындықты танытатын, заң бұзушылықтар мен қылмыстың тамырына балта шабатын, сотта әділ шешім қабылдануына ықпал жасайтын ол - Прокуратура органы. Себебі, адам өміріне немқұрайлы қарауға негіз жоқ.

Ата Заңымызда көзделгендей, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асыру мақсатындағы жұмыстар атқару прокуратура күнделікті қызметі болғанымен, басты назарында және одан әрі жандана береді.

Мерейлі мерекеге орай, Ата Заңымыз – Конституция күні құтты болсын дегіміз келеді.

 

Маңғыстау облысының мамандандырылған

табиғат қорғау прокуратурасы 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.