You are here

«Ата – заңым айбыным»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Еліміздің Ата Заңын басшылыққа ала отырып, адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазынасы болып саналған зайырлы, құқықтық және әлеуметтік дамудың нышандары толық қамтылған қуатты, дербес мемлекет ретінде ерекше кезеңдерді бастан өткере отырып, өркениеттілік ізімен құқықтық реформаларды жүзеге асыру үстіндеміз.

Конституция қабылдау және оны қолданысқа енгізу кез-келген ел үшін барлық уақытта ерекше оқиға болып есептеледі. Ол арқылы қоғамдық құрылыс жаңарып, әр мемлекет өзінің ұлттық ұстанымдарын жүзеге асырып отырады.

Бұл тұрғыда Негізгі Заң азаматтардың құқығын және қарым-қатынасын реттейтін мемлекеттің өміріне тәртіп пен ұйымдастырушылықты енгізетін заңнаманың тұғырнамасы болып табылады. Онда саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйенің алғы шарттары, азаматтардың бас бостандығы мен міндеттері, қоғамдық дамудың бағыт-бағдарының құқықтылығы белгіленіп, бекітіледі.

1995 жылдың 30 тамызында мемлекетіміздің экономикалық және әлеуметтік жаңаруларының қозғаушы күші болған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы республикалық референдумда қабылданды.

Сол кездегі Конституцияның 83-бабының 1-тармағында прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады.

Ал, ағымдағы жылы Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес, соның ішінде 83-баптың 1-тармағында прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесiн бiлдiредi және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асыру прокуратура органдарының басты назарында.

 

Ақтау қаласы прокуратурасының

бөлім прокуроры

Бақдәулет Ахмедов

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.