You are here

Алаяқтан абай болыңыз!

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Соңғы уақытта жиі жасалып жүрген алаяқтық қылмысы заманына сай түрленіп, әдіс-тәсілдерін жаңартып, жетілдіре түсуде. Талайды тақырға отырғызған алаяқтардан абайламаса болмайды.

         Азаматтық құқық бұзушылықтың жаңа түрлері және заманауи технологияларды пайдалану арқылы қылмысты жасаудың жаңа әдістері пайда болуда. Уақыт өтсе де өзгермейтіні қылмысты жасаудың себебі ғана ол адамның пайдакүнемдік теріс пиғылы. Оңай олжаны көздегендер алаяқтықты кәсіпке айналдырады. Бір әдіспен қашанғы алдай алсын? Алаяқтықта күн өткен сайын өзгеріп, жаңа әдіс-тәсілмен жетіле түсуде.

Статистикалық мәліметтер бойынша 2017 жылдың 8 айында Жаңаөзен қаласында 108 (2016 ж - 54) алаяқтық қылмысы тіркелген қылмыс +100% пайызға өскен.

Жалпы соңғы кездегі алаяқтық қылмыс сипаты мен тәсілі бұрынғыға қарағанда анағұрлым кеңейіп, етек жаюда.

Олардың жасалу тәсіліне қарай бірнеше топқа бөлуге болады, яғни: несие алып беремін деп – 2, жұмысқа орналастырып беремін деп – 9, интернет желісі арқылы – 19, жер телімін алып беремін деп – 1, телефон соғайыншы деп алып кету - 10, телефонмен алдау арқылы - 6, құжат рәсімдеп беремін деп – 1, әр түрлі бағытта - 5 қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелген.

Қазіргі таңда меншікке қарсы қылмыстың алдын алу және онымен күресуге қатысты жаңа талаптар қойылуда.

Алаяқтық жасаудың негізгі шарты азаматтардың пайдалы іске тартпақ болған бөтен адамдарға орынсыз сенгіштігі болып табылдады. Алаяқтық дегеніміз ең алдымен жалғандық, өзгенің сеніміне кіріп алдау.

Сондықтан қылмыстың бұл түрімен күрестің тиімді жолы сізді алдауы мүмкін адамның айтқан мәліметтерінің анық-қанығына көз жеткізу. Алаяқтық белгілерін байқап қалсаңыз, мына қарапайым сақтық шараларын орындағаныңыз дұрыс.

Егер жаңа танысыңыздың іс-әрекеті, сөзі күдік тудырса, ең алдымен оның кім екендігін анықтауға тырысыңыз. Оның құқық белгілейтін құжаттарын (куәлік, сенім хат, сертификат, т.б.) көрсетуін сұраңыз. Әр түрлі себеппен ол ұсынған іс-әрекеттің орындалуын кейінге қалдырыңыз. Істің мән-жайын анықтағанға дейін оған ақша бермеңіз, ешқандай құжатқа қол қоймаңыз. Болған оқиға жайлы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.

 

Жаңаөзен қалалық прокуратурасының

аға прокуроры                                                                                   

М.Адаев

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.