You are here

«Азаматтар мүддесіне қылмыстық процесті оңтайландыру»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылдың сәуір айы­нан бастап құ­қық қорғау органдарының қызметкерлері  Ұлт жоспары және  Елбасы Жолдауындағы құқық қор­ғау орган­да­ры­ның ал­дына қойған тап­сырмасы бойынша қыл­мыс­тық про­цесті оңтай­лан­дыруға бағыттал­ған жұ­мыстарды бастап кетті. Осы бағытта прокуратура және ішкі істер органдары бі­рігіп, «Аза­маттар мүддесіне қылмыс­тық процесті оңтайлан­дыру» пилоттық жобасын іске асыруда.

Жоба мақ­саттарының бірі – халықтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, оларды негізсіз қылмыстық процесс шеңберіне тартпау және уақытын үнемдеу. Бұл жерде халық деп отырғанымыз – жәбірленуші, күдікті, айыпталушы және басқа да процеске қатысушылар.

Мысал­ға, бұрын қылмыс­тық істер айлап тергеу жұмыстары жүргізіліп, одан соң іс-құжатта­­ры прокуратураға, одан әрі сотқа жолданатын, бұл аралықта басына іс түскен жәбір­ле­ну­ші әбден қалжырап, әуре-сарсаңға түсіп, кейде жердің шалғайлығына байланысты екіарада қатынауы қылмыспен келтірілген материалдық залалдан асып түсетін еді. Осы сияқты келеңсіз жағдайлардың орын алуын болдырмау мақсатындағы жоба аза­маттардың бұзылған құ­қықтарын қысқа мерзімде қалпына келтіру үшін барынша шаралар алынуда.

Қазіргі таңда азаматтарда «құрысыншы» деген түсінік қалыптасқан, ол – жәбірленушінің келтірілген залал мен оны қалпына келтірудегі өзінің алдағы жүріс-тұрысындағы шығыны асып түсетінін есептесе, қылмыстың куәсы «бірдеме көрдім десем ертеңгі күнде сүйрелеп, басым бәлеге қалады» деген ойы.

Нәтижесінде, жәбірленушінің бұзылған құқығы қалпына келтірілмей, ал қылмыскер жазасыз қалу салдарынан, өзінің көздеген қылмыстық мақсаттарын әрі қарай жүзеге асыра береді.

Сондықтан, жоба арқылы қылмыстық процесте халыққа жағдай жасай отырып, олардың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру болып табылады.

Осы мақсатта күрделі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қажет етпейтін қылмыстық істер бойынша жеделдетілген тәртіпте он тәуліктің, ал қылмыстық теріс қылықтарды екі тәуліктің ішінде (ақтамайтын негіздермен тоқтату немесе сотқа жолдау), егер де қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталмаған жағдайда, үш тәулік ішінде ақтайтын негіздермен тоқтату туралы шешім қабылданып жатыр.

Жоба басталған сәттен бастап қылмыстық істер бойынша он тәулікте шешім қабылдау жеделділігі 81,6 пайызды құрап отыр.

Әрине, өндірістегі барлық қылмыстық істерді жоба аясында шешім қабылдау мүмкін емес, кейбір қылмыстық істер бойынша сот сарапшылармен жүргізілетін зерттеулерді қажет етеді және бұл зерттеулер айлап созылады, себебі, адам тағдыры шешілетіндіктен, сапаны назардан тыс қалдырмау қажет.

Сонымен қатар, жоба аясында нәтижелерге жету мақсатында аудан прокуратурасы тарапынан анықтаушылар мен тергеушілердің жүктемесін азайту үшін күдіктілер анықталмаған қылмыстық істерді созбалаңға салмай, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 24-бабында көзделген талаптарды орындап, қорытындысымен олардың мерзімдерін үзу туралы нұсқау берілуде.

Себебі, қолданыстағы заңнамаларда анықтау істері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бір айдан және алдын ала тергеу істері бойынша екі айдан аспауы тиіс.

Жобаға дейін ашылмаған қылмыстық істер бойынша бастапқы он тәулікте тергеу әрекеттері жүргізіліп, екі айдың қалған мерзімінде тек уақыт өткізіп, жүктемені жасанды түрде арттырған.

Уақыт өте мерзімдері үзіліп, ал қылмыс ашылған жағдайда, қайта жаңғыртылып, тергеп-тексеру мерзімдерінің бұзылуына әкеп соққан болатын.

Жоба аясында қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда мерзімдері бұзылған қылмыстық істер 300 пайызға төмендеді.

Қазіргі қадам – уақытты босқа жоғалтпаудағы дұрыс шешім деп есептеймін.

Әрбір бастаманың қысқа мерзім ішінде көздеген жетістіктерге жету оңайға соқпайды. Өйткені, адамдарды қалыпты жағдайдан ауыстыруүшін уақыт қажет.

Сондықтан, бұл жобаға да түсіністікпен қарап, уақыт үнемдеуде өз үлесімізді қосайық.

 

Асан Хасанұлы АБДУЛЛАЕВ

Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданының прокуроры

әділет кеңесшісі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.