You are here

«Ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойылды»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойылды»  - 1856881058

17.11.2017 жылы Ақтау қаласы прокуратурасының ғимаратында қала прокуратурасының бастамасымен «Қылмыстық процесті оңтайландыру» жобасы аясында Ақтау қалалық соты және Ақтау қалалық Ішкі істер басқармасы арасында үш жақты меморандум бекітілді. Меморандумды бекітуге Ақтау қаласының прокуроры Тойжан Марат Серікұлы бастамашылық жасады.

 Меморандумның негізгі мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын, тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде заманауи аудио-видеобекіту құралдарының пайдаланылуын, жауап алудың ашық кабинеттерде жүргізілуін, қылмыстық істерді тергеп-тексеру, прокуратура органдарымен зерделеу және сотта қарау, түпкілікті шешім қабылдау мерзімдерін қысқартуды қамтамасыз ету.

Жиын нәтижесінде, қылмыстық істерді 7-10 тәулік ішінде қарау жөнінде келісімге қол жеткізілді. Аталған меморандум қылмыстық істердің тергеп-тексерілуінің созбалаңға салынуынажол бермеуге және қылмыстықпроцестің жеделдігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

 

Ақтау қаласының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.