You are here

«Тәуелсіздік - Тұғырым»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Тәуелсіздік - Қазақстан тарихында бұл күн ешқашан ұмтылмайтын, бақытты бағасымен, халқымыздың есінде мәңгі қалары сөзсіз. Біз - сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесіне көз жүгіртіп қарасақ та, ежелден-ақ ата-бабаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге ержүректігін, жауға қатал, досқа адал, кеудедегі шыбын жанын шүберекке түйіп, найзаның ұшымен, білектің күшімен ел-жерін қорғап қалған. Еліміз қалай болғанда да қаншама ғасырлар бойы қиын қыстау кезеңді бастан кешіріп, тар жол тайғақ кешуден өтті, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз, Қазақстан туралы айтпағымыз да, мақтанарымыз да көп. Тәуелсіздік таңымыздың – ең бірінші қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сол себепті де біз үшін Тәуелсіздік таңы – ең қастерлі де қасиетті күн. Еліміз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен өз мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығы, бұл фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», - деп атап көрсетуіне үлкен мағына жатыр. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – халықтың бақыты. Бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, Отан сүйгіштікті, ұлтына, ұрпағына деген махаббатты жоғалтпай, одан әрі жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлу керек. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүріміздің, салт-санамыздың мызғымас тірегі, алтын діңгегі, халықтың маңдайына біткен бағы. Тәуелсіздік –арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің халық жетті. Тәуелсіздік – ұлттың тілі, халықтың үні мен діні, халықтың тойы, елдің тойы. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын, бойында елім, жерім дейтін намысы бар ұрпақтарымыз көп болсын, әрбір отбасыға амандық, жұмыстарына жетістік тілеймін, Елімізді дүниенің төрт құбыласынан келетін әртүрлі бәледен сақтағай, жылдан-жылға Тәуелсіздік мерекесін тойлауды нәсіп еткей.

Жаңаөзен қаласының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.