You are here

«Процесс прокурорлары үшін қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша тергеу мәселелері бойынша өткізілген оқыту семинары»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Процесс прокурорлары үшін қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша тергеу мәселелері бойынша өткізілген оқыту семинары» - 1221833508

06 қазан 2017 жылы Маңғыстау облысы прокуратурасында процесс прокурорлары үшін қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша тергеу мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді.

Бәрімізге белгілі, Елбасы құқық қорғау қызметін жетілдіру бойынша түбегейлі және жүйелі шаралар алу жөнінде тапсырма берілген болатын.

Оны орындау мақсатында,

Қылмыстық-процестік заңнаманы заман талабына сай жетілду бағытында үлкен жұмыстар атқарылды. Оның бір мысалы ретінде, 2015 жылы қолданысқа енгізілген Қылмыстық-процестік кодексте «Процесс прокуроры» деген жаңа түсінік енгізілді.

Сондай-ақ, осы жылдың басында ҚР Конституциясына өзгерістер енгізіліп, ондағы 83-бапқа сәйкес, прокуратура мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

Бұл тұрғыда, істердің тергелуіне қадғалау жасаудан басқа, көрсетілген өзгерістерді іске асырудың маңызды факторы, прокурордың істі тергеуге тікелей қатысуы, яғни істерге процессуалдық басшылық ету болып табылады.

Бас Прокурордың, Ішкі істер және Қаржы министрлерінің 31.08.2017 жылғы бірлескен бұйрығына сәйкес, 1-қыркүйектен бастап «Процесс прокуроры» жобасы жүзеге асырылуда. Оған сәйкес, күдікті тұлға анықталған ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша процесс прокуроры жаңа айыптау актісін жасақтайды, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарады және т.б.

Жақын аралықта біздің облысымыз да бұл жобаны жүзеге асыруға кіріседі.

Қылмыстық қудалаудың тиімділігіне, оны жүзеге асыруға өкілетті құқық қорғау және арнайы органдардың күшін біріктірген жағдайда ғана қол жеткізуге болады.

Сондықтан, семинарға прокуратура, ІІД, ҰҚКД, МКД және сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі органдарының қызметкерлері, сондай-ақ, сараптама мекемелерінің өкілдері шақырылды.

Семинардың бағдарламасы жасақталып, соған сәйкес өткізіліп, онда облыс прокуратурасының, жоғарыда көрсетілген органдардың тергеу-криминалистикалық бөлімдердің бастықтары, сот медицина орталығыны, сот сараптама институтының сарапшылары және басқалар баяндама жасап, олар осындай семинар жүргізу қажеттілігі мен маңыздылығын атап көрсетті.

Қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарын шақырылған мамандарға қоя отырып, практикалық және теориялық білімдерін толықтырды.

 

Маңғыстау облысы прокуратурасының

баспасөз қызметі

 

«Процесс прокурорлары үшін қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша тергеу мәселелері бойынша өткізілген оқыту семинары» - 1933252608
«Процесс прокурорлары үшін қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша тергеу мәселелері бойынша өткізілген оқыту семинары» - 1581777116
«Процесс прокурорлары үшін қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша тергеу мәселелері бойынша өткізілген оқыту семинары» - 9182489
«Процесс прокурорлары үшін қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша тергеу мәселелері бойынша өткізілген оқыту семинары» - 488713279

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.