You are here

Облыс тұрғындарының назарына!

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бастамашылығымен Бас прокуратурада шілде айында азаматтарға Құқық қорғау қызметтерін көрсететін орталық ашылған болатын.

Маңғыстау облысының прокуратурасы осындай орталықты, халықтың игілігі үшін біздің облысымызда да ашу мәселесін көтеріп, облыс әкімшілігімен өз қолдауын тапты.

Бұл орталық өз жұмысын 5 қазаннан бастайды, мекен-жайы: Ақтау қаласы, 35 шағын аудан, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ғимараты.

Орталықтың басты мақсаты – «бір терезе» принципі арқылы азаматтарға ашық, жариялы түрде көмек көрсетіп, оларды әуре-сарсаңға салмай құқығын жедел түрде қорғау болып табылады.

Аталған орталықта азаматтарға тәжірбиелі прокурорлар құқықтық көмек көрсетеді.

Сонымен бірге, азаматтардың мәселелерін уақытылы әрі тиімді шешу үшін бұл орталыққа өзге де заңгер мамандар жұмылдырылды (адвокат, медиатор, әділет департаменті, мемлекеттік кірістер департаменті, мемлекеттік сәулет-құрылысын бақылау басқармасы, пробация қызметкерлері және т.б.).

 Құқық қорғау қызметтері орталығының жұмыс тәртібі аптаның жұмыс күндерінде, яғни сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін қызмет көрсетеді.

Осы орталықта біз азаматтардың қойған барлық мәселелерін тыңдап, заң аясында шешуге және заңгерлік кеңес пен көмек көрсетуге дайын екендігімізді сендіреміз.

 

Маңғыстау облысы прокуратурасының

баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.