You are here

«Мемлекет алдында қарызсыз»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Мемлекет алдында қарызсыз» - 1467303048

Ақтау қаласының прокуратурасымен 15.11.2017 жылы «Мемлекет алдында қарызсыз» атты жобаның орындалысы аясында Маңғыстау облысы Әкімшілік полиция Басқармасымен бірлесе мемлекет пайдасына әкімшілік айыппұлдарды өтеуден жалтарып жүрген борышкерлердің автокөліктерін анықтау мақсатында рейдтік шара жүргізілді.

Аталған шараның басты мақсаты - әкімшілік айыппұлдарды уақытылы өтеудің қажеттілігін және қолданыстағы заңнама нормаларының бұзылуына жол бермеуді қала тұрғындарының назарына түсіндіру болып табылады.

Рейдтік шараны өткізу барысында 57 борышкердің автокөлігі анықталып, оның нәтижесімен 28 борышкерден мемлекет пайдасына 163 433 теңге өндірілді.

Аталған жұмыстар қала прокуратурасымен жалғастырылуда.

 

Ақтау қаласының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.