You are here

«Маңғыстау облысы прокуратурасының қызметкерлеріне арналған курстар ұйымдастырылды»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Маңғыстау облысы прокуратурасының қызметкерлеріне арналған курстар ұйымдастырылды» - 875139331

2017 жылы 11 желтоқсанда Оқу орталығы (Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Маңғыстау
облысы бойынша өкілдігі) облыс прокуратурасының Аппаратымен бірлесіп «Қылмыстық процеске прокурордың қатысуының 
құқықтық және практикалық мәселелері»
тақырыбында прокурорларға арналған біліктілікті арттыру курстарын ашты.

Курстар прокурорларға жаңа маңызды өкілеттіктер беретін конституциялық және өзге де заңнамалық өзгерістерді
жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары Асқар Досекенов прокуратура жүйесінде жүргізіліп жатқан өзгерістердің
маңыздылығын атап өтті.

Қылмыстық қуғындау заңдылықтарын қадағалау – прокурордың алдыңғы қатардағы тұрақты және басты міндеттеріңің бірі.

Осы функция, көп жағдайда, прокуратураның мемлекеттік өкімет жүйесіндегі қылмыстық істерді тергеудегі нақтылық пен дұрыстықты қамтамасыз ететін маңызды элемент ретінде қажеттілігін тарихи анықтап отыр.

Прокурордың сұранысы, негізінен, қылмыстық істе – құқықорғау жүйесін реформалау барысында көптеген дамыған елдердегі байқалғандай, заманауи тренд.

Прокуратура қызметін, оның ішінде, негізгі күшті қылмыстық сот өндірісіне қайта бөлу жолымен,  жаңа сапалы деңгейге көтеруге шақыратын, конституциялық-құқықтық реформа дәйекті жүргізіліп отырған Қазақстан да жоқ емес.

Осы реформаны табысты іске асырудың негізгі шарты, ол аталған бағытта тәжірибелері жоқ немесе жеткіліксіз қызметкерлерді уақтылы қайта дайындаудан өткізу болып табылады.

Курстың мақсаты - сотта мемлекеттік мүддені ұсыну және қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықтарды қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша тыңдаушыларға базалық кәсіби білім мен дағдылар беру.

Оқу курсының құрылымы, қылмыстық процестегі қадағалауды және мемлекеттік мүддені ұсынуды жүзеге асыру мәселелері бойынша білім беруді зерделеу қорытындыларымен анықталған, үш білім беру модульдерінен тұрады:

1-і модуль «Прокурор жұмысындағы қылмыстық заңның орындалуы» (қылмыстық-құқықтық блок);

2-і модуль «Қылмыстық процесстің сотқа дейінгі сатысындағы саладағы прокурордың қызметі» (қылмыстық-процессуалдық блок);       

3-і модуль «Сотта мемлекеттік айыптауды қолдау».       

Мәселелердің нақты мысалында оқытушылар - ғылыми қауымдастықтың өкілдері, жоғары оқу орындары мен тәжірибелі
прокурорлар тыңдаушыларға тәжірибелік қызметтің негізгі аспектілерін жеткізеді.

 

Маңғыстау облысы прокуратурасының

баспасөз қызметі

 

 

 

«Маңғыстау облысы прокуратурасының қызметкерлеріне арналған курстар ұйымдастырылды» - 1385954955
«Маңғыстау облысы прокуратурасының қызметкерлеріне арналған курстар ұйымдастырылды» - 620045027
«Маңғыстау облысы прокуратурасының қызметкерлеріне арналған курстар ұйымдастырылды» - 984507153
«Маңғыстау облысы прокуратурасының қызметкерлеріне арналған курстар ұйымдастырылды» - 1182651785

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.