You are here

Маңғыстау облысы прокуратурасымен «Жеделдетілген мерзімдегі сапалы сотқа дейінгі тергеп-тексеру» жобасының аясында жүргізілген жұмыстардың қазіргі таңға дейінгі көрсеткіштері.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Маңғыстау облыстық прокуратурасымен ағымдағы жылдың басынан «Жеделдетілген мерзімдегі сапалы сотқа дейінгі тергеп-тексеру» жобасы жасақталып облыс көлемінде жүзеге асырылуда.

         Жобаның мақсаты қылмыстық процестің заңдылығын қадағалауды үйлестіру шараларын жүзеге асыру арқылы қылмыстық қудалау органдарынан айқын қылмыстар бойынша тез әрі сапалы тергеп-тексеру жүргізіп, тиісті шешім қабылдану және сотқа жолдануына қол жеткізу болып табылдады.  

         Осы жобаның жүргізілуімен қазіргі таңда 2 айдан астам мерзім тергеп-тексеру жүргізілген қылмыстық істердің саны 44%-ға және процеске қатысушы тұлғалардан түскен шағымдар 22%-ға төмендеген. 

         Сонымен қатар, 10 күннің ішінде 1676 қылмыстық іс  аяқталып, жалпы тіркелген (2809) қылмыстың 63%-н құраған (6 айдағы жоба бойынша жүргізілген жұмыстармен). Сотқа 10 күннің ішінде 87,6% іс негізінен қарау үшін жолданған. Ақталатын негізбен тоқтатылған қылмыстық істер СДТТБТ-не тіркелген кезден бастап үш күнде шешім қабылданғаны 66,7%-ға өскен.   

         Қазіргі уақытта азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуы және қылмыстық қудалау органдарының әрекетіне қатысты шағым келтіру дерегі азайып отыр. Негізсіз тергеп-тексеру және қылмыстық процеске заңсыз қатыстыру деректері орын алмаған.

         Аталған жобаның жүзеге асырылуы қазіргі уақытта оң нәтиже беруде және қазіргі таңдағы қылмыстық процестің жаңару талаптарына сай келеді.

   

Маңғыстау облысы прокуратурасының

баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.