Сұрақ-жауап | Маңғыстау облысының прокуратурасы

You are here

Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 43365
    Дата: 01.06.2018 23:43:14
    Аты-жөні: Тұяқбаева Рабиға
    Сұрақ:
    Саламатсыз ба! Мен Тұяқбаева Рабиға, осы қалада №21 орта мектепте математика пәнінің мұғалімімін. Еңбек өтілім 22 жыл. 2017 жылдың 4 қыркүйегінде №2орта мектептен шығып осы аталған мектепке жұмысқа қабылдандым. Енді мектеп басшысы еңбек кодексінің 53 бабымен еңбек демалысына шығатын болсам, маған тек қана 42 күн тиесілі дейді. Осы дұрыс па? (Мен бірақ өткен жылы дәл осындай жағдаймен 2 мектептен демалысқа шыққанда 56 күн демалысымды алдым.) Дұрыс болмаған жағдайда, мен 56 күн алу үшін ең аз дегенде неше ай жұмыс істеуім керек? Егер мектеп басшысы айтқандай 12 ай жұмыс істесем, онда қыркүйекте демалысқа шығуыма тура келеді. Мұндай жағдай тек қана мен емес біздің мектептің мұғалімдері мен тағы кейбір мектептің мұғалімдерінің басында туындап жатқан проблема болып отыр. Сондықтан да шұғыл түрде көмектесуіңізді сұраймын. Алдын ала рахмет.
    Жауап күні:
    18 маусым, 2018 - 20:19
    Жауап:
    Құрметті Рабиға ханым! Сіздің, жұмыс орныңыздағы еңбек демалысыңыздың толығымен берілмей отырғаны туралы жазған арызыңыз бойынша төмендегіні хабарлаймын. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 9-бабына сәйкес, азаматтық құқықты қорғауды, құқықтарды мойындату, міндетті заттай орындатуға ұйғарым шығару, құқықты бұзатын немесе оны бұзуға қауіп төндіретін әрекеттердің жолын кесу, залалдарды, моральдық зиянның өтемін төлету сот арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты, Сіз тиісті талап арызбен сот органдарына жүгінуге құқылы екендігіңізді түсіндіремін. Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқыңыз бар екендігін қаперіңізге беремін.
  • Сұрақ №: 42843
    Дата: 16.05.2018 14:09:44
    Аты-жөні: Копбергенова Аигул
    Сұрақ:
    Саламатсыз ба прокуор Мен Ақтау қаласы Жол полициясы комитетінің қылмыстық іздестіру бөлімі 303каб шағым жазып отырмын 15.05.18.Менің темір көлігімді балам басқарған Жол оқиғасы жаяу жүргінші жолда ондаи қатты жарақат жоқ. Әиел адамды қақан ол кісі жедел жәрдем бригадасы жұмысын шақыртуға қарсы болды.Бірақ ОЛ кісі арыз данбаимын деген. Тобыржанов Үлан деген дознавател бас жарылып көз шықан ЖОҚ Неге Ол іс жүзінде менің жеке көлігімді Аиыпұл тұрағына жабуға қандай құқы бар. Осы істі дознавател КІМ үш жылға жабам, деп ол неге қаи заңға сүиеніп. Менің жеке мүлкімді басынуға қандай құқы бар Темір тұлпарым Лексус 999АSA Не шаруасы бар Менің жеке басымда Сол себепті Көлік иесінен неге рұқсатсыз сұрамаиды. Сол себепті МЕН сізден өтініш сұраймын.
    Жауап күні:
    1 маусым, 2018 - 19:51
    Жауап:
    А.С. Копбергеноваға Бас Прокурордың блогынан түскен шағым Құрметті арызданушы! Сіздің, Ақтау қалалық Ішкі істер Басқармасының (одан әрі – Ақтау ҚІІБ-ы) қызметкерімен автокөлігіңізді айыптұраққа заңсыз жапқаны жөніндегі Бас Прокурордың блогынан түскен арызыңыз қаралды. 15.05.2018 жылы О.Мангитбаев Ақтау қаласы, №12 шағын аудан, «Мұнайшы» спорт кешеніне қарама-қарсы тас жолында өзінің басқаруындағы мемлекеттік белгісі 999ASA12 «Lexus RX400h» маркалы автокөлігімен жаяу жүргінші Г.Кесикованы қағып, жол-көлік оқиғасын жасаған. Ақтау ҚІІБ-ның жол көлік оқиғасы бойынша кезекші инспекторы полиция кіші лейтенанты У.И.Тобажанов Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (одан әрі – ӘҚБтК-і) 610-бабының 1-бөлігімен №0599602 санды әкімшілік хаттама толтырып, аталған автокөлікті ӘҚБтК-нің 797-бабына сәйкес айыптұраққа жапқан. ӘҚБтК-нің 797-бабының 1-бабының 1-тармағына сәйкес, осы Кодекстiң 610-бабында көрсетілген бұзушылықтар жасалған кезде осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған уәкiлеттi лауазымды адам көлiк құралдарын, кемелерді, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердi уақытша сақтау үшiн оларды арнаулы алаңдарға, тұрақтарға немесе стационарлық көлiктiк бақылау бекетiне iргелес жатқан алаңдарға, оның iшiнде басқа да көлiк құралын (эвакуаторды), кеменi немесе шағын көлемдi кеменi пайдалана отырып жеткiзу арқылы ұстап алу себептерi жойылғанға дейiн ұстап алуға, жеткiзуге және пайдалануға тыйым салуға құқылы. Осыған байланысты, Ақтау ҚІІБ-ның жол көлік оқиғасы бойынша кезекші инспекторы полиция кіші лейтенанты У.И.Тобажановтың әрекетінде заңдылықты бұзушылықтар анықталмауына байланысты, прокурорлық ықпал ету актісін енгізуге негіз жоқ. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз Бас прокуратураға немесе сотқа шағым келітруге құқылысыз (осы жауаптың көшірмесін жалғай отырып). Облыс прокуроры Д. Сартаев орын. А. Айтуганов тел. 423410/209
  • Сұрақ №: 42570
    Дата: 05.05.2018 00:22:10
    Аты-жөні: Ермеков Сисенбай
    Сұрақ:
    Сәлеметсіздер ме Мен мұнайлы ауданы аумағында орналасқан өндірістік мекемеде цех бастығы болып қызмет істеймін Соңғы кезде мекеме басшылығында бір кісіден маған қысым көрсетіле бастады Цех бастығы болғандығым себепті менде жауапкершілік көп Осыған қарамастан еңбек ақысыз демалысқа шығуымды талап етті ( әлгі кісі)Қысымға шыдай алмай екі жұмыс күніне ақысыз демалысқа шығуға мәжбүр болдым Ал ол менің арызыма он төрт жұмыс күніне демалыс алынсын деп өз қаламымен еңбек инженеріне арызымды жолдады ( арыз көшірмесі жанымда ) Амалсыз демалыста болдым Ал енді төрт сағаттық жұмыс кестесіне ауысасын деп жатыр ( басқа мамандарға сегіз сағаттық жүмыс кестесі) Бұл оқиғалардан бүрын менің жауапкершілікті жұмысымның бір бөлігін өз баласына тапсырғандығын да мәлімдеймін Мен сияқты бүлай ол кісден қиыншылықтар көргендігін жеткізе алмайтын қарапайым жұмысшылар көп ( қарапайым жұмысшылар ) Ол лауазым иесін жұмыстан босатуға немесе басшылық қызметтен алып тастауға негіз қарастырылған ба Рахмет
    Жауап күні:
    14 мамыр, 2018 - 18:29
    Жауап:
    Құрметті Сисенбай Парахатович! Мұнайлы ауданы прокуратурасы Сіздің Маңғыстау облысы прокуратурасының блогына лауазым иесін босатуға немесе басшылық қызметтен алып тастау негіздерінсұрап жазған арызыңызға келесіні хабарлайды. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (одан әрі-Кодекс) 3 бабына сай, еңбек заңнамасының мақсаты еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төмен кепілдіктерін белгілеуге бағытталған құқықтық реттеу болып табылады делінген. Аталған кодекстің 8 бабында қолдану аясы еңбек қатынастары деп көрсетілген. Сізбен қойылған сұрақтардың толық және түпкілікті жауаптары, кодекспен толық қамтылған. Арызыңызда Сізбен басшыңыз арасында еңбек қатынастарынан туындаған келіспеушіліктер орын алып отырғаны көрсетілген. Бұл мәселені шешудің құқықтық жолдары кодекстің 15 тарауында толық және нақты көрсетілген. Атап айтқанда, кодекстің 159 бабының талаптарына сай,жеке еңбек дауларын – келісу комиссиялары, ал реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша соттар қарайды делінген. Жоғарыдағылардың негізінде, Сіз өз құқығыңызды қорғау үшін, келісу комиссиясына немесе сотқа шағымдануға құқылы екендігіңізді хабарлаймыз. Мұнайлы ауданы прокурорының м.а. М.Титанов орын.Е.Туретаев тел. 46-65-46.
  • Сұрақ №: 41833
    Дата: 07.04.2018 13:43:07
    Аты-жөні: Сабырбаиқызы Аигул
    Сұрақ:
    Саламатсыз ба заңды тұлғалар. Мен 5шағын ауданы 1үи тұрғынымын 7мектеп біз қалалық әкімге барып өтініш жасадық. Бүгін гі күні мектеп әкімшілігі қазақ сыныптар бойынша лицейі болады Нашар оқитындар басқа мектептерде оқысын деп аяқ асты заң шығарып отыр.Неге біздің қазақ балалары қаида оқиды сонда. КІМНЕН КІМ АРТЫҚ. ОЛ НЕГЕ ӨЗ ЖЕРІМІЗДЕ өз Елімізде Қазақ балалары қаңғып оқиды.Осыған ораи заңға жазып отырмын. ҮЛКЕН өтініш Көмектесіңдерші қазақ балалары өз мектептерінде оқысын.
    Жауап күні:
    23 сәуiр, 2018 - 19:31
    Жауап:
    А.С.Сабырбайқызына Бас прокурордың блогы Құрметті Айгүл Сабырбайқызы! Ақтау қаласы 7 орта мектеп басшысының оқушыларға негізсіз талап қойғандығы туралы жазған арызыңыз қаралып, нәтижесімен төмендегіні хабарлаймын. Ақтау қаласының 5-і шағын ауданында орналасқан Н.Марабаев атындағы №7 мектеп лицейінде 1-і сыныптан бастап 11-і сыныпқа дейін білім беру процесі орыс тілінде және мектеп жанынан 1-і сыныптан 4-і сыныпқа дейін (бастауыш сыныптар) білім беру процесі қазақ тілінде өткізіледі. Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары балаларын мектеп лицейінде әрі қарай оқыту туралы мәселе көтерген. Мектеп директоры ата-аналармен жиналыс өткізіп, 2018-2019 оқу жылынан бастап 1-і сыныптан оқып келе жатқан қазақ сыныптарының әрі қарай білім алуын жалғастыруды жоспарлаған. Бұл мәселе жайлы мәліметтерді мектеп лицейі бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтын болады. Облыс прокуроры Д.Сартаев орын. Н.Оразбаев тел:423410/164
  • Сұрақ №: 41112
    Дата: 16.03.2018 11:53:54
    Аты-жөні: Жанаев Ержан
    Сұрақ:
    Біздін арыз неге каралмады. Он бес адамнын атынан жазылды.Айлык берми алдап кеткені үшін жазылган Арыз.Жангиров Бактыбай Жангиров Ерик
    Жауап күні:
    20 наурыз, 2018 - 09:01
    Жауап:
    Маңғыстау облыстық Еңбек басқармасының басшысы Ә. Іңкәровқа Е. Жанаевқа Блог №84441 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының 7-бабы 6-тармағын басшылыққа ала отырып негізінен қарау үшін Е.Жанаевтың «Фиал Фирма» ЖШС-нің басшылығының іс-әрекетіне қатысты жазған арызын жолдаймын. Арызды қараудың нәтижесі туралы заңда көзделген мерзімде өтініш иесіне хабарлауыңызды сұраймын. Екінші мекен-жайға мәлімет ретінде хабарланады және түсіндіріледі, яғни 30 маусым 2017 жылғы ҚР «Прокуратура туралы» Заңының 21 бабы 1 тармағына сәйкес прокуратура органдарымен қаралатын өтініштер: физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өзі дербес жүзеге асыра алмайтын адамдардың құқықтары бұзылғанда; адамдардың өмірі, денсаулығы не мемлекеттің қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алу қажет болғанда; шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) немесе құзыретіне тексеріс жүргізу кіретін уәкілетті мемлекеттік орган қызметінің мүддесінде не лауазымды тұлғасында қақтығыс туындағанда (мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлғаның жауабы болғанда) ғана қаралады. Жалғанды: арыз «____» бетте. Ақтау қаласы прокурорының орынбасары Ғ.Төребаев Н.Б. Сулейменов 440278

Беттер

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.